Accessibility links

Тунистегі толқуларда адам шығыны көбеюде


Тунисте президент Зин әл-Әбидин бен Алиді биліктен қуған толқулар басылмай, бейберекеттіктер барысында ондаған адам қаза тапты.

Тунис астанасында тонап-талқандаулар мен атыстар орын алып жатқан соң қалада тәртіп орнатып, төтенше жағдай жариялау үшін танктер мен әскерлер әкелінді.

Тунисті 23 жыл басқарған Зин әл-Әбидин бен Али бірнеше аптаға созылған қарсылықтардан кейін жұма күні отбасымен Сауд Арабиясына кетті.

Парламент спикері Фауад Мебазза уақытша биліктің президенті ретінде ант қабылдап, одақтас жаңа үкімет құруға шақырды. Билік өкілдері конституция бойынша президент сайлауы 60 күннің ішінде өтуі тиіс деп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG