Accessibility links

Тунис партиялары жаңа бірлескен үкімет құруға кірісті


Президенті құлатылған Тунистің ірі деген саяси партиялары бірігіп, жаңа үкімет құру келіссөздерін бастады.

Елді 23 жыл басқарған Зин әл-Әбидин бен Алиді биліктен қуған толқулар басылып, жексенбі күні бейберекеттіктер тоқтады. Өткен түнде Тунис астанасында тонап-талқандаулар болып, атыстар естілген. Жексенбі күні Тунис тұрғындарының бірі:

"Аллаға шүкір, біз бәріміз қазіргі тұрақтылықты көріп, бақытты болуымыз керек. Біздің рухымыз қайта көтеріліп, әр адам бақытты болып жүр. Бізде қорқыныш болмауы керек. Мен адамдарға қорықпаңдар деп айтып жатырмын"-десе, тағы бір тунистіктер елдегі сыбайлас жемқорлық осымен тоқтайды деген үміттерін жеткізген.

Тунисті ұзақ жылдар басқарған Зин әл-Әбидин бен Али бірнеше аптаға созылған қарсылықтардан кейін жұма күні отбасымен Сауд Арабиясына бас сауғалап кетті.

Парламент спикері Фауад Мебазза уақытша биліктің президенті ретінде ант қабылдап, одақтас жаңа үкімет құруға шақырған. Билік өкілдері конституция бойынша президент сайлауы 60 күннің ішінде өтуі тиіс деп отыр.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG