Accessibility links

Гаитидің бұрынғы диктаторы Дювалье еліне оралды



Гаитидің бұрынғы диктаторы Жан-Клод Дювалье жексенбі күні кешке Отанына қайтып барды. Ол елде қараша айындағы президент сайлауының алғашқы турынан кейін дау әлі басылған жоқ.

Ел арасында «Бэби Док» аталып кеткен Жан-Клод Дювалье 25 жыл бұрын шетелге қашып кеткен еді. Оның елге оралуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Гаитиді 1971-1986 жылдар аралығында басқарған «Бэби Док» жоғары билікті әкесінен мұрагерлікке алған кезде 20 жасқа да толмаған еді. Кейін биліктен тайдырылып, Францияға бас сауғалап барды.

Отанында оған коррупциялық былық-шылыққа батқан және адам құқықтарын бұзған деген айыптар тағылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG