Accessibility links

Еуропарламент Беларусьтегі жағдайды талқылайды


Бүгін Брюссельде басталатын Еуропарламенттің отырысында депутаттар Беларусь еліндегі жағдайды және ресми Минскіге қарсы санкциялар туралы мәселені талқылайтынын хабарлады Еуропарламенттің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, беларусь басшыларының Еуропа Одағы аумағына келуіне тыйым салынып, олардың шетелдегі қаржы-мүлкіне қатысты шектеулер енгізілуі мүмкін.

Еуропа Одағы Беларусь билігінің былтырғы президент сайлауы барысындағы және сайлаудан соң Минскідегі оппозицияның наразылық шеруін күшпен басып-жаншыған іс-әрекетін сынаған.

Қазір Беларуссияда жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша тергеліп жатқан 25 адамның төртеуі желтоқсанда өткен президент сайлауына үміткер ретінде қатысқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG