Accessibility links

Нигердің бұрынғы президенті түрмеге қамалды


Нигердің бұрынғы прездиенті Мамаду Танджа түрмеге қамалды. Елдегі билік басында отырған әскери хунта оған қазынадан 128 миллионов долларды шашқан деген айып тақты.

Мамаду Танджа 1999-2010 жылдар аралығында Нигердің президенті болды. Ол президенттік өкілеті аяқталған соң да осы қызметте қалу мақсатымен 2009 жылы Конституцияға өзгеріс енгізді.

Былтыр ақпан айында елдегі билікті әскерилер басып алған соң, Мамаду Танджаны осы кезге дейін президент сарайында үйқамақта ұстады.

Әскерилер биылғы қаңтар айының соңында елде әділ және ашық президенттік сайлау өтеді деп уәде берген еді.
XS
SM
MD
LG