Accessibility links

Президент Назарбаев Конституцияға өзгертулерді Конституциялық кеңеске жіберді


Президент Назарбаев парламенттің Конституцияға енгізген өзгертулеріне қол қойған жоқ. Өзгертулер Конституциялық кеңеске жіберілді.

Бұл туралы "Новости-Казахстан" агенттігі Конституциялық кеңеске сілтеме жасай отырып хабарлады.

Конституциялық кеңес президенттің осыған қатысты жолдауын бүгін қарастырады.

Заң бойынша кеңес бір ай ішінде түпкілікті шешім шығаруға тиіс. Алайда бұл мерзім президенттің талабы бойынша 10 күнге дейін қысқартылуы мүмкін.

Қаңтардың 14-інде парламент президенттің қарсылығын еңсеріп, Конституцияға бір ауыздан өзгертулер енгізген еді. Бұл өзгертулер тұңғыш президенттің өкілетін референдум арқылы ұзартуға негізделген.
XS
SM
MD
LG