Accessibility links

Пәкістанда жарылыстан 15 адам қаза болды


Пәкістанның солтүстік-батысында жолаушылар тасымалдайтын шағын автобустағы жарылыс салдарынан кемінде 15 адам мерт болды.

Хангу-Кохат бағытындағы бұл автобустағы жарылыс неден болғаны туралы әзірше нақты ақпарат жоқ. Полиция "автобус жүк көлігімен соқтығысқан кезде автобустың ішіндегі газ баллоны жарылған болуы да мүмкін" деген жорамал айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG