Accessibility links

Тунис премьері жаңа үкімет құрамын жарияламақ


Тунис үкіметінің басшысы дүйсенбі күні кешірек елдің жаңадан біріккен үкіметін жариялау мүмкіндігін айтты.

Премьер-министр Мохамед Ганнучи "бұл Тунис тарихының жаңа парағы болады" деді. Жаңа ұлттық коалициялық үкіметке оппозициялық үш жетекші енгені айтылды.

Елді 23 жыл басқарған Зин әл-Әбидин бен Али биліктен қуылып, Сауд Арабиясына кетіп қалған.

Тунисте өткен түні бұрынғы президенттің сақшылары қауіпсіздік күштерімен атысып, жағдай толық тынышталмай тұр.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG