Accessibility links

Ливан премьеріне қатысты келіссөздер кейінге қалды


Бүгін Ливанның жаңа премьер-министрін тағайындауға қатысты келіссөздер бір аптаға кейінге қалды.

Президент кеңсесінен хабарланғандай, президент Мишель Слейман түрлі партиялардың ұстанымдарын байқаған соң, парламенттік кеңесулерді қаңтардың 24-25-теріне қалдырды.

Саад Харири үкіметі өткен аптада 11 министрі қызметтен кеткен соң тараған болатын. "Хезболла" жауынгерлік тобының мүшесі болған ол министрлер қастандықпен өлтірілген бұрынғы премьер-министр Рафик Хариридің өлімін БҰҰ-ның трибуналы тергеуіне қатысты жағдай ушығып отырған тұста кеткен.

Саад Харири әкесінің ісін БҰҰ-ның соты қарауына қарсы болған "Хезболланың" талабын қабылдамай қойған. Онда "Хезболла" мүшелері Ливанның сүннит пен шийт мұсылмандары арасында алауыздық тудырған болуы мүмкін деп айыпталады" делінген.
XS
SM
MD
LG