Accessibility links

Мәскеуде қоғамдық белсендіге шабуыл жасалды


Бүгін Мәскеуде азаматтық қоғам белсендісі Константин Воеводкиннің көлігіне белгісіз екі адам оқ атты. Бұл туралы Азаттықтың орыс қызметі хабарлап отыр.

Мәскеуде орналасқан "Адам құқықтары үшін заңгерлер қауымдастығының" өкілі Юлия Гусейнованың айтуынша, Воеводкин оқ тиген әйнек сынықтарынан жарақат алған.

Воеводкинді атқан кезде оның әйелі мен кішкентай қызы да көлікте болған.

Константин Воеводкин - коммуналдық төлемдерді азайтуды талап етіп акция ұйымдастырған Мәскеу белсенділерінің бірі.
XS
SM
MD
LG