Accessibility links

Тунис полициясы халықты күшпен тарқатты


Бүгін Тунистің қауіпсіздік күштері қала орталығына жиналғандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су қолданды.

Полицияның алаңдағы адамдарды күшпен таратуы Тунисте жаңа үкімет жарияланар алдында болып отыр. Жүздеген адам тақтан қуылған президент Зин әл-Әбидин бен Алидің партиясын биліктен кетуге шақырды.

Тунис үкіметінің басшысы дүйсенбі күні кешірек елдің жаңадан біріккен үкіметін жариялау мүмкіндігін айтты. Премьер-министр Мохамед Ганнучи бұл Тунис тарихының жаңа беті болады деп отыр. Жаңа коалициялық ұлттық үкіметке оппозицияның үш жетекшісі енгені айтылды.

Елді 23 жыл басқарған Зин әл-Әбидин бен Али биліктен қуылған соң Сауд Арабиясына кетіп қалған.

Тунисте өткен түні бұрынғы президент сақшылары қауіпсіздік күштерімен атысып, елдегі жағдай тынышталмай тұр.
XS
SM
MD
LG