Accessibility links

Мысырда бір адам наразылық ретінде өзіне өрт қойды


Хабарларға қарағанда, Қаир қаласындағы парламент алдында өмір сүру деңгейінің төмендігіне наразылық танытқан бір адам өзін-өзі өртеді.

Полиция жалынға оранған адамның өртін өшіріп, оны дереу ауруханаға жеткізген. Оның ендігі жағдайы белгісіз.

Бұл оқиға Тунистегі 26 жастағы азаматтың елдегі жұмыссыздыққа наразылық ретінде өзіне өрт қойған оқиғаның жаңғырығы сияқты болып отыр. Тунисте оның өлімінен кейін жаппай наразылықтар болып, ел президентін биліктен кетіруге әкелген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG