Accessibility links

Мәскеудің бұрынғы мэрі Латвияда тұруға рұқсат сұраған


Мәскеу қаласының бұрынғы басшысы Юрий Лужков Латвия билігінен осы елде тұруға рұқсат сұрап, өтініш түсірген.

Латвияның көші-қон қызметі дүйсенбі күні хабарлағанында, Лужковтың өтінішіне қатысты шешім сәуір айында жасалады деген.

Мәскеуді ұзақ жылдар басқарған Юрий Лужковты қала маңындағы өрттерге байланысты өткен жылдың қыркүйек айында Ресей президенті Дмитрий Медведев орнынан алған болатын.

Латвия ішкі істер министрі айтқандай, Латвия Лужковтың өтінішін кері қайтаруы мүмкін. Себебі оның біздің елге қатысты ұстанымы ылғи да жақсы болмаған деген.

Еуропа Одағына мүше Латвияның тұрғындары Еуропа Одағы кеңістігінде шектеусіз жүре алады.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG