Accessibility links

Тунисте уақытша үкімет құрамы жарияланды


Тунис үкіметінің басшысы Мохамед Ғаннучи дүйсенбі күні кешке уақытша үкімет құрамын жария етті. Оның құрамына оппозициядан бірнеше адам енді. Ғаннучидің өзі және тағы бірнеше министр өз қызметтерінде қалды.

Ғаннучи бұқаралық ақпарат құралдарына толық бостандық берілетінін, елдегі саяси тұтқындардың қамаудан босатылатынын және адам құқығын қорғаушы ұйымдарға салынған тыйым алынып тасталғанын мәлімдеді.

Тунис ресми орындарының хабарлауынша, елдегі жаппай толқуларда соңғы бірнеше күнде 78 адам қаза болған.

Тунисті 23 жыл үзбей басқарған президент Зин әл-Абидин бен Али өткен жұмада биліктен қуылды, елдегі жағдай шиеленісіп тұр. Бұрынғы президент басқарған партияның биліктен біржола кетуін талап етіп, дүйсенбі күні қала орталығына жиналғандарды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ бен су қолданды.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун елдегі жағдайды тезірек реттеп, зорлық-зомбылыққа жол бермеуге шақырды.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG