Accessibility links

Суданда исламшыл оппозиция жетекшісі тұтқындалды


Судан билігі исламшыл оппозиция жетекшісі Хассан әл-Турабиді тұтқынға алды.

Бұның алдында ол басқаратын партия елдегі азық-түлік бағасының қымбаттауына наразылық шарасына адамдарды көшеге алып шығатындарын мәлімдеген.

2000 жылға дейін ел президенті Омар әл-Баширдің серіктерінің бірі болған Тураби кейін оппозицияға кеткен.

Биылғы жыл басында Судан билігі бюджет тапшылығын азайту үшін бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбаттайтынын мәлімдеген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG