Accessibility links

Қарабах маңында әзірбайжандық сарбаз оққа ұшты


Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі "Таулы Қарабах маңында әскерімізді атып өлтірді" деп армениялық күштерді айыптады.

Министрліктің мәлімдемесінде, Армения әскері даулы аймақта әзірбайжандық 21 жастағы сарбазды атып өлтірді делінген.

Бұл оқиға 1994 жылдардан бері келе жатқан Таулы Қарабах қақтығысының соңғы жылдары ушығып, бейбіт келіссөздер тұралаған шағына тура келіп тұр.

Бұл даулы өңірде өткен жылы 20-дан аса әскер қаза тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG