Accessibility links

Тәжікстан өткен жылы 150-ден аса адамды экстремизм үшін соттаған


Тәжікстан Жоғарғы сотының басшысы Нусратулло Абдуллоевтың айтуынша, 2010 жылы елде 158 адам экстремизм айыбымен түрмеге жабылды.

Бұл 2009 жылы осы айыппен сотталған 37 адаммен салыстырғанда әлдеқайда көп болып отыр.

Абдуллоев өткен жылы түрмеге жабылғандардың 135-і тыйым салынған "Хизб-ут Тахрир" ұйымының мүшелері екенін айтты. Қалған 23 адам салафиттер тобына мүше болғаны үшін сотталып, 33-не осы топқа қатысы болғаны үшін айыппұл салынған.

Бірақ Абдуллоев өткен жылдың соңғы айларында Тәжікстандағы қақтығыстар мен жанкештілік жарылыс үшін айыпталып келген "Өзбекстан ислам қозғалысы" мүшелерінің абақтыға жабылғаны туралы ештеңе айтпады.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG