Accessibility links

Өзбек президенті Брюссельге сапармен барады


Азаттықтың өзбек қызметі хабарлағандай, Еуропалық комиссия өкілдері Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың Брюссельге сапары Орталық Азия мен Еуро Одақтың қарым-қатынасын күшейтуге бағытталады деген. Онда аймақтағы адам құқықтары мәселелерімен қатар, экономикалық ынтымақтастықты дамыту көзделмек.

Еурокомиссия өкілі дүйсенбі күні мәлімдегендей, Ислам Каримовтың Брюссельге қаңтардың 24-інде баратын сапарында Еуропалық комиссия президенті Жозе Мануэль Баррозумен кездесуі болады.

Бұл - өзбек президентінің 2005 жылғы жүздеген шеруші қырылған Әндіжан оқиғасынан бергі Брюссельге алғашқы сапары болмақ.

2005 жылы Еуропа Одағы Әндіжан қырғынына қатысты Өзбекстанға санкциялар енгізіп, 12 билік өкілінің Еуропаға баруына тыйым салған. Бірақ бұл елдегі адам құқықтарына қатысты жағдай ушығып отырғанына қарамастан, Еуропа Одағы ол санкцияларды 2009 жылы алып тастады.

Каримов осы сапарында НАТО өкілдерімен де кездесуі жоспарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG