Accessibility links

Тәжікстан: 2010 жылы тыйым салынған топтың 4 мүшесі өлтірілді


Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, өткен жылы елдің солтүстігінде тыйым салынған "Өзбекстан Ислам қозғалысының" мүшесі деген күдікпен 4 адам өлтіріліп, 50 шақты адам қамауға алынды.

Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметі хабарлады. Ішкі істер министрлігінің Соғды аймағындағы басшысы, генерал Шариф Назаров "бұл бүлікшілер өткен күзде Рашт жазығындағы операцияларда ұсталды" дейді.

Назаровтың айтуынша, бұл топтарды "Өзбекстан Ислам қозғалысы" мен тыйым салынған "Хизб-ут Тахрир" ұйымының мүшелері қаржылай қолдап келеді.

Тәжікстанның солтүстігіндегі Исфара қаласы тұрғынының ойынша, жастардың мұндай тыйым салынған діни топтарға қосылуына басты себеп - елдегі кедейлік.
XS
SM
MD
LG