Accessibility links

Тунис полициясы жаңа үкіметке қарсы шерушілерді таратты


Бүгін Тунис полициясы елдің жаңа үкіметіне қарсы шеру өткізіп, алаңға шыққан аздаған топты көзден жас ағызатын газбен таратты.

Тунис астанасының орталығына жиналған 100 шақты адам жаңа үкімет құрамына биліктен қуылған президент әкімшілігінің мүшелері еніп отырғанына қарсылық танытты.

Тунисті 23 жыл басқарған Зин әл-Абидин бен Али өткен аптада жаппай наразылық шерулерінен кейін елден кеткен.

Бұрынғы президент партиясының мүшелері жаңа үкімет құрамында негізгі орындар - сыртқы істер, ішкі істер, қорғаныс және қаржы министрі қызметтерінде қалған. Жаңа ұлттық үкіметке бірнеше оппозиция жетекшілері мен азаматтық қоғам өкілдері де енген болатын.

Премьер-министр Мохаммед Ғаннучи сейсенбі күні шерушілерге қарсы күш қолданған ресми билік өкілдері жауапқа тартылады деген. Бірақ бұрынғы президент әкімшілігінің министрлерін орнында қалдырды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG