Accessibility links

Қазақстанда түрме қызметкерлеріне қарсы алғашқы сот отырысы басталды


Бүгін Қапшағай қаласында Алматы облысы Заречный ауылындағы қамау мекемесіндегі тұтқындар мен түрме қызметкерлеріне қатысты алғашқы сот отырысы басталды.

Түрме әкімшілігінің бес қызметкері мен төрт сотталушының үстінен қозғалған іс қамаудағы тұтқынның шағымы бойынша өтіп жатыр. Оларға "сотталушы Жандос Сағатовты азаптады" деген айып тағылған. Бұл туралы Азаттыққа Сағатовтың адвокаты Гаухар Сәлімбаева хабарлады.

Оның айтуынша, есірткі саудасына қатысты сотталған Қазақстан Қорғаныс күштерінің бұрынғы офицері Сағатов түрмедегі зорлық-зомбылықтың кесірінен бес рет операция жасатқан. "Бірақ оның жағдайы әлі ауыр" деді адвокат.

Қазақстандық құқық қорғаушы белсенділер бұл елдегі қамау мекемелеріндегі азаптауларға қатысты алғашқы сот процесі екенін айтады.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG