Accessibility links

«Азаттық» сыйлығы Ермек Нарымбаев, Игорь Колов пен Мұхтар Әблязовқа берілді


Бүгін Алматыда «Азаттық» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.

Қазір түрмеде жазасын өтеп жатқан Ермек Нарымбаев, тіркелмеген «Алға» партиясының Қостанайдағы филиалының жетекшісі Игорь Колов және шетелде қуғында жүрген бизнесмен Мұхтар Әблязов «Азаттық» сыйлығының иегерлері атанды.

Жыл сайын қаңтардың 19-ы күні Қазақстандағы демократияны дамыту және азаматтық қоғам құру ісіне үлес қосқаны үшін ел азаматтары мен шетелдіктерге тапсырылатын «Азаттық» қоғамдық сыйлығын осыдан бірнеше жыл бұрын «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы тағайындаған.

Бұл сыйлыққа үміткерлерді қоғамдық ұйымдар мен жекелеген азаматтар ұсынады.
XS
SM
MD
LG