Accessibility links

Қырғызстанда «террорист» деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталған


Қырғызстанда террорлық шабуыл жасауға дайындалған және заңсыз қару-жарақ сақтаған деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталғаны туралы ҚаТАГ агенттігі хабарлады.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Асқар Әбдірахмановтың айтуынша, Қазақстан құқық органдары қырғызстандық әріптестерімен бірге бұл іске қатысты деректерді анықтап жатыр.

Бұған дейін Қырғызстан құқық органдары қаңтардың 5-і күні Бішкек маңында терроризм қылмысына қатысы бар деген күдікпен бір топ адамды ұстағаны хабарланған.
XS
SM
MD
LG