Accessibility links

БҰҰ-дағы Иран елшісі Обаманың Иранға қатысты саясатын сынады


Иранның БҰҰ-дағы елшісі АҚШ президенті Барак Обама екі жыл бұрын Иранға қатысты берген уәделерін әлі орындаған жоқ деп айыптады.

Иран өкілі Мохаммад Хазаи Обама өзінің алдындағы Джордж Буштың кейбір қателерін қайталап отыр деді.

Хазаи сондай-ақ өз елі осы апта соңында Стамбулда өтетін Иран мен БҰҰ-ның тұрақты мүше елдері арасындағы келіссөздерге тараптардың әділ әрі құрметпен қарағанын қалайды деді.

Ол Түркиядағы келіссөздер Теһранның ядролық бағдарламасын реттеуге бағытталған Батыспен келешек келіссөздердің жол картасы болуы мүмкін деген үмітін жеткізді.
XS
SM
MD
LG