Accessibility links

Ресейде мұсылмандарға арналған телеарна ашылады


Ресей "жуықта ашылатын мұсылмандар телеарнасы елде ұстамдылықты күшейтеді" деп үміттенеді.

Ресейден түскен хабарларға қарағанда, алдағы ақпан-наурыз айларында спутниктік желіде шығатын исламдық телеарна хабарлары елдің барлық аймағына таралады.

Ресейде 20 миллиондай мұсылман бар.

Сарапшылар Ресейде әсіреұлтшылдар қозғалысы күшейіп барады деп отыр. Желтоқсан айында Мәскеуде әсіреұлтшыл көзқарастағы 7 мыңдай адам алаңға шығып, славян емес ұлт өкілдеріне шабуыл жасаған еді. Оларды полиция тоқтата алмаған.
XS
SM
MD
LG