Accessibility links

Ирақта жанкештінің жарылысынан 12 адам құрбан болды


Ирақтағы жанкештілік жарылыс кемінде 12 адамның өмірін қиып, 50-ден аса кісіні жарақаттады.

Жедел жәрдем көлігіне мінген шабуылдаушы Бақуба қаласындағы полицияның жаттығу орталығына жете бере көлігін жарып жіберген.

Бұл - соңғы екі күннің ішінде елдің қауіпсіздік күштеріне қарсы жасалған екінші шабуыл.

Сейсенбі күні Тикрит қаласындағы жанкештінің полицияға жұмысқа тұру үшін кезекте тұрған адамдарға жасаған шабуылы кезінде 50-ден аса адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG