Accessibility links

Шабуылдан күйіп қалған ауған журналисі ауруханаға жатқызылды.


Ауғанстанда белгілі журналиске белгісіз біреу шабуыл жасап, улы заттан беті мен қолы күйген ол ауруханаға жатқызылды.

Абдул Разақ Мамон Кабул қаласында Азаттық радиосының ауған қызметі үшін жұмыс істеген тілші. Ол сейсенбі күні кешкісін үйіне қайтып бара жатқанда шабуылға тап болды.

Мамон бүгінде ақпарат агенттігінің басшысы. Ауғанстан президенті Хамид Карзай журналиске шабуыл жасағандарды айыптап, мәлімдеме жасады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG