Accessibility links

АҚШ президенті қытайлық әріптесін Ақ үйде қарсы алды


Бүгін АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде Қытай президенті Ху Дзиньтаоны қарсы алды. Екі ел жетекшісі бүгін сауда, қауіпсіздік және адам құқықтары мәселелері бойынша келіссөздер өткізеді.

Обама қытайлық әріптесін қабылдай тұрып сөйлегенінде, адам құқықтары сыйланғанда ғана ел өркендейді деп, адам құқықтары мәселесіне баса назар аударды.

Ол сондай-ақ өзара жетістіктерімізге екі елдің қосып жатқан үлесі зор деді.

Барак Обама қытайлық әріптесін ұлттық валютасы - юанді көтеруге көндіріп көрмек. Бірақ Қытай президенті өзінің юань құны төменгі деңгейде деп ойламайтынын айтқан.

Вашингтонға сейсенбі күні барған Ху Дзиньтао сапары соңғы 30 жылда Америкаға барған Қытай жетекшісінің маңызды сапары деп аталып отыр.

Қытай мен АҚШ бизнесмендері сейсенбі күні құны 8 млд доллардан асатын келісімге қол қойды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG