Accessibility links

Лукашенко Еуропаға бару құқығынан тағы айырылуы мүмкін


Ресми Минск елде өткен президенттік сайлаудың нәтижесімен келіспей наразылық акциясына шыққаны үшін қамалған оппозиция өкілдерін босатудан бас тартқан еді. Еуропа Одағы соған байланысты өз аумағына Беларусь басшысы Александр Лукашенконың келуіне қайтадан тыйым салмақ ниетте.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштонның айтуынша, бұл мәселеге қатысты ресми қаулы қаңтардың 31-і күні қабылданады. Беларусь сыртқы істер министрлігі бұндай әрекеттер «елдер арасындағы сенімге қылау түсіріп, келіспеушілікті ушықтыратынын» айтып, мәлімдеме жасады.

2006 жылы Еуропа Одағы тыйым салған соң Александр Лукашенко мен бірқатар белорусь шенеуніктері екі жыл бойы Еуропа аумағына кіре алмай қалған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG