Accessibility links

Ресейде "қырғыз және өзбек азаматтарын өлтірді" деген күдіктілер ұсталды


Ресейдің Иркутск облысында Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтарын өлтірген деген күдікпен төрт жас адам ұсталды.

Аймақтық тергеу комитеті ұсталғандардың 2009 жылы Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген екі адамға шабуыл жасауға қатысқаны анықталғанын айтып отыр. Сол шабуылдан жарақаттанған екі адам да көз жұмған.

Тергеу комитеті күдіктілердің пәтерін тінткенде экстремистік мазмұндағы әдебиеттер табылғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG