Accessibility links

Ху Цзиньтао Вашингтонда конгрессмендермен кездеседі


АҚШ-та сапарда жүрген Қытай төрағасы Ху Цзиньтао бейсенбі күні Америка Конгресінің мүшелерімен жүздеседі.

Сонымен қатар Ху Цзиньтао Вашингтонда АҚШ-Қытай қарым-қатынасы туралы сөз сөйлеп, одан кейін Чикаго қаласында кәсіпкерлермен кездеседі.

Сәрсенбі күні Қытай төрағасы АҚШ президенті Барак Обамамен келіссөз өткізді. Екі ел арасындағы сауда-қаржы қатынасы, оның ішінде юаньнің АҚШ долларына шаққандағы бағамы - талқыланған басты тақырыптардың бірі болды.

Вашингтон "юаньнің бағамы әдейі арзандатылып отыр" деп есептейді.
XS
SM
MD
LG