Accessibility links

Ресейде Михаил Ходорковскийдің кітабы жарық көрді


Бейсенбі күні Мәскеуде Михаил Ходорковскийдің кітабымен таныстыру рәсімі өтеді. Кітапқа оның мақалалары мен сұхбаттары енген.

Журналист Леонид Парфеновтың алғысөзімен шыққан жинақтың тұсаукесерінде Людмила Улицкая, көпшілікке Борис Акунин деген есімімен көбірек таныс Григорий Чхарташвили сынды жазушылар сөз сөйлеуге тиіс.

«Михаил Ходорковский. Мақалалар. Диалогтар. Сұхбаттар» кітабын сатудан түскен бар табыс «Подмосковный» лицей-интернатына аударылатын көрінеді. Кітап Мәскеудің кітап дүкендерінде әлден-ақ сатыла бастаған.

ЮКОС мұнай компаниясының иелері М.Ходорковский мен П.Лебедевке өткен жылы желтоқсан айында «мұнай ұрлады» және «заңсыз табыстарын заңдастырды» деген айыптармен 13,5 жыл жаза мерзімі кесілген болатын.

Олардың адвокаттары үкімді негізсіз деп танып, бұздыруға шағым берді.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG