Accessibility links

Еуропарламент Беларусті сынайтын қарар қабылдады


Еуропарламент бейсенбі күні қабылдаған қарарында Беларус билігін оппозиция қайраткерлерін қудалағаны үшін өткір сынға алып, елде жаңа «еркін әрі демократиялық сайлау» өткізуге шақырды.

Оның алдында АҚШ сенаторларының тобы Еуропа Одағын Беларусь билігінің саяси оппозицияны қудалау науқанына қарсы бірлескен іс-қимылға шақырды.

АҚШ-тың 6 сенаторы қол қойып, ЕуроОдақтың сыртқы саясат бойынша жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон ханымға жолданған хатта осылай делінген.

Мәтіні Азаттық радиосына келіп түскен хатта беларус президенті Александр Лукашенко мен өзге де шенеунектерге және мемлекеттік «Белнефтехим» компаниясына қарсы жазалау шарасы – санкцияны қайта жалғастыру қажеттігі басып айтылады.

Сенаторлар, сонымен қатар, Беларустің азаматтық және адам құқын қорғау ұйымдарын қолдауды күшейтуге үндейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG