Accessibility links

Назарбаев өз өкілетін ұзарту мәселесіне байланысты пікірін айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілетін ұзарту жөнінде референдум өткізу мәселесіне байланысты шешім қабылдаған кезде халық пен мемлекеттің мүддесін ескеретінін айтты. Ол мұны қаңтардың 20-сы, бейсенбі күні Астанада өткен кеңесте мәлімдеді деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан парламенті қаңтардың 14-і күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін референдум арқылы ұзартуға байланысты Конституцияға өзгеріс енгізуді қарастыратын заң жобасын екі оқылымда бірауыздан қабылдаған. Президент ол заң жобасын Конституцияға сай келер-келмесін тексерту үшін Конституциялық кеңеске жіберген.

Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы референдум өткізуді жақтап 5 миллион 16 мыңнан астам адамның (жалпы сайлаушылардың 55,2 пайызы) қол қойғанын жариялаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG