Accessibility links

Смағұл Сәдуақасовтың сүйегінің күлі Астанаға жеткізілді


Бүгін жергілікті уақытпен таңғы сағат жетіден кете Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлі ұшақпен Мәскеуден Астанаға жеткізілді. Бұл туралы Астана әуежайында оларды қарсы алғандардың арасында болған Азаттық тілшісі хабарлады.

Сүйектің күлі бейсенбі күні Мәскеудегі Дон зиратынан алынған. Бұл шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, енді Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлі Астанадағы Сәдуақас қажы Ғылмани атындағы мешітке апарылып, оны жерлеу мәселесі шешілгенше сонда сақталады.

Смағұл Сәдуақасұлы ХХ ғасырдың басында Қазақ совет автономиялық республикасын құруға белсене атсалысып, оның орталық атқару комитетінде басшы қызметтерде істеген. 20-шы жылдардың екінші жартысында Қазақстанды басқарған Голощёкиннің жүргізген саясатымен келіспей, байлар мен орташаларды орынсыз тәркілеуге, елдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға шаруаларды әкеліп қоныстандыруға қарсы шыққаны үшін буржуазияшыл ниеттегі жан ретінде қуғын-сүргінге ұшырады.

Өмірінің соңында Донбасс-Мәскеу темір жолы құрылысының инженері қызметін атқарып жүріп 1934 жылы Мәскеу ауруханасында көз жұмған марқұмның сүйегі өртеліп, күлі «Дон зиратында» арнайы ыдысқа салынып сақталған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG