Accessibility links

АҚШ мафияға қарсы ірі операцияны жүзеге асырды


АҚШ федеральдық тергеу бюросы мен полиция мафияға қарсы жүргізген операция барысында кісі өлтіру, бопсалау және есірткі саудасы сияқты қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 127 адамды тұтқындады.

АҚШ әділет министрі Эрик Холдердің айтуынша, операция кезінде басшылары тұтқындалған бес ірі топтың арасында Гамбино және Коломбо тәрізді атышулылары бар. Сол сияқты солтүстік-шығыс штаттарда белгілі топ жетекшісі Луиджи Маноккио қамауға алынған. Тұтқындалғандардың бірі бұрын Нью-Йорк полициясында қызмет атқарған.

Билік өкілдері бұл АҚШ тарихындағы мафияға қарсы жүргізілген ең ірі операциялардың бірі екенін айтып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG