Accessibility links

ОСК: сайлаушылардың референдумға жинаған қолдары жойылады


Назарбаевтың өкілетін ұзарту үшін жиналған қол үш айға дейін құпия ақпарат ретінде сақталады да, үш ай өткен соң жойылады.

Орталық сайлау комиссиясының осы туралы қаулысы 21 қаңтар күні ресми БАҚ-та жарияланды.

Онда "жою өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, еріту немесе химиялық ыдырату, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру арқылы жүргізіледі" делінген.

Қаулыға сәйкес азаматтардың қолының растығын тексеретін құжаттар Орталық сайлау комиссиясында тұрақты сақталады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі бастамашы топ 27 желтоқсан мен 11 қаңтар аралығында 5 миллионнан астам қол жинаған еді. Оның 5 миллион 16 мыңын комиссия жарамды деп тапқан болатын. Таяуда президент қабылдауында болған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов жиналған қолға қатысты бір де бір шағым түспегенін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG