Accessibility links

Тунисте үш күндік аза тұту өтіп жатыр


Тунисте бұрынғы билікке қарсы жаппай наразылық мен толқуларда қаза тапқандарды еске алып, бүгіннен бастап үш күндік аза тұту басталды.

Ресми орындардың хабарлауынша, елдегі жаппай толқуларда 78 адам қаза болған. Өткен аптада уақытша жабылған университеттер мен мектептер алдағы дүйсенбі, қаңтардың 24-інен бастап қайтадан ашылатыны хабарланды.

Тунисті 23 жылдан бері үздіксіз басқарған президент Зин әл-Абидин бен Али өткен жұмада биліктен қуылған соң уақытша билік парламент басшысына берілді. Қайта жасақталған үкімет мүшелері экс-президент басқарған партия қатарынан шығатындарын мәлімдеді.

Елде түрмеде отырған саяси тұтқындар бостандыққа шықты, баспасөзге қойылған тыйымдар алынып тасталды.
XS
SM
MD
LG