Accessibility links

Саша Барон Коэн енді Саддам Хусейннің ролін ойнайды


Британдық әйгілі комик Саша Барон Коэн «Диктатор» деп аталатын фильмде Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хусейннің ролін ойнайды. Бұл фильм алдағы жылы экранға шықпақшы.

«Парамаунт Пикчерз» кинокомпаниясының хабарлауынша, «елде демократияның пайда болуына жол бермеу үшін басын өлімге тіккен қаһарман диктатор» туралы жаңа фильмді режиссер Ларри Чарльз түсірмек.

Бұдан бірнеше жыл бұрын осы режиссер түсірген «Борат» атты атышулы комедиядағы басты кейіпкер – Борат Сағдиев есімді қазақ журналисін Саша Барон Коэн сомдаған еді.
XS
SM
MD
LG