Accessibility links

Бакуде оппозиция көсемін тұтқындауға нұсқау берілді


Бакудегі сот оппозициялық саясаткер Мохсун Самедовты тұтқындауға қаулы шығарды.

Әзірбайжандағы Ислам партиясының көсемі Самедовке «заңсыз қару-жарақ ұстады», «терроризмге және билікті басып алуға әзірленді» деген айыптар тағылып отыр.

Ал Самедов билікті жемқорлығы мен адамның құқын таптағаны үшін сынады. Ол қаңтардың 2-сі күні сөйлеген сөзінде халықты күреске және (өз сөзімен айтқанда) «деспоттық режимді» құртуға шақырды.

Самедовтың бұл сөздері YouTube желісіне шықты.
XS
SM
MD
LG