Accessibility links

Мәскеуде Медведев пен Карзай келіссөз өткізеді


Жұма күні Мәскеуде Ресей мен Ауғанстан президенттерінің келіссөзі өтуге тиіс.

Кремльдің баспасөз-қызметі хабарлағандай, Дмитрий Медведев пен Хамид Карзайдың әңгімесі негізінен экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне арналады. Оның ішінде Ауғанстанға жөнелтілетін Ресей мұнайының көлемін ұлғайту мүмкіндігі сөз болады.

Ауғанстаннан Ресейге заңсыз тасымалданатын есірткіге тосқауыл қою - осы кездесуде қамтылатын тағы бір маңызды тақырып болмақ.

Хабарға қарағанда, Хамид Қарзай - 1970 жылдардың соңынан бері ресми сапармен Мәскеуге алғаш рет аяқ басып отырған ауған басшысы көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG