Accessibility links

АҚШ ресми Минскіге қарсы санкцияны қайтадан қолдануға әзір


АҚШ ресми Минскінің саяси оппозицияны қудалауына орай және соңғы президент сайлауының демократия талаптарына сай өткені күмән туғызуына байланысты Беларуське қарсы бұрын жойылған санкцияларын қайта жалғастыруға әзір.

АҚШ мемлекеттік департаменттің өкілі Филип Кроули мұны атап айтып, ЕуроОдақтың ресми Минскіге деген көзқарасын Ақ үйдің қолдайтынын мәлімдеді.

Өткен бейсенбі күні Еуропарламент Беларусьте оппозицияның репрессияға ұшырауына наразылық білдіріп, Беларусь шенеуніктерінің ЕуроОдақ елдеріне баруына қайта бөгет қойып, Халықаралық валюта қоры арқылы Минскіге қаржылай көмек беруді тоқтатуға шақырды.

ЕуроОдақтың ресми өкілдері Беларусьтің қайта сайланған президенті Лукашенконың жұма күні өтетін инаугурациясына қатыспайды.
XS
SM
MD
LG