Accessibility links

Қазақ елшісі Лукашенконың инаугурациясына қатысады


Қазақстанның Минскідегі елшісі Анатолий Смирнов қайта сайланған Беларусь президенті Александр Лукашенконың міндетіне кірісу рәсімі – инаугурациясына қатысады.

Рәсімге мемлекет басшылары шақырылмаған.

ЕуроОдақ елдерінің елшілері президент сайлауы барысындағы жаппай заңсыздықтарға, оппозицияның қудалануына наразылық білдіріп, инаугурацияға қатысудан бас тартты.

АҚШ пен ЕуроОдақ Александр Лукашенкоға, оның саяси режиміне қарсы жазалау шараларын – санкцияларын қайта қолданбақшы.

Лукашенко осымен қатарынан төртінші рет президент болып сайланды.

Лукашенко – Беларусьтің бірінші және әзірше жалғыз президенті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG