Accessibility links

Ресми Ереван мен Баку бір-бірін айыптады


Жұма күні Армения Әзірбайжанды қарулы арандатушылықтарды ұйымдастырды деп айыптады.

Армян қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, бейсенбі күні Әзірбайжан қарулы күштерінің Таулы Қарабақ аумағын атқылауының салдарынан халықаралық қауымдастық мойындамаған республика армиясының 1 өкілі мерт болды.

Ресми Баку бұл оқиғаның болуына Әзірбайжан жағының түрткі болғанын теріске шығарды.

Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің дерегіне сәйкес, атыстың салдарынан 1 әзірбайжан әскериі жарақат алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG