Accessibility links

Стамбулда екінші күн Иранмен халықаралық келіссөз өтуде


Бүгін Иран мен әлемнің ықпалды елдерінің арасындағы келіссөздер қайта жалғасады.

Жұма күні басталған Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алтыжақты келіссөздерде аздаған прогрестер ғана болды деп хабарланған. Иран делегациясының мүшесі Аболфазл Зохреванд Теһранның уран байыту жұмыстарына қатысты ешқандай талқылау болмайды деген.

Батыс елдері мен БҰҰ-ның Иранға төртінші санкция енгізгендегі басты талаптарының бірі - уран байыту жұмыстарын тоқтату еді.

Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта деп, өз реакторлары үшін уран байытуға құқы бар екенін алға тартып келеді.

АҚШ пен оның одақтас елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG