Accessibility links

Әлем елдері Албанияны тынышталуға шақырды


Еуропа Одағы, ЕҚЫҰ және АҚШ бірігіп, Тиранадағы үкіметке қарсы шерушілер мен полиция арасындағы атыстан үш адам қаза тауып, бірнеше кісі жараланған оқиғадан кейін Албанияны тынышталуға шақырып отыр.

Халықаралық қауымдастық елдерінің бірлескен мәлімдемесінде, біз адам шығыны болғанына өкініп, қақтығыс пен күш қолдануды ақтауға болмайды әрі оған жол бермеу керек деп тараптарды бір мәмілеге келуге шақырамыз делінген.

Жұма күні оппозициялық Социалистер партиясының мыңдаған жақтастары Тирана қаласында шеруге шығып, үкіметті тарауға шақырғанда полиция күштерімен қақтығыс болған.

Албания оппозициясы үкіметті сыбайлас жемқорлық, билікті өз мақсаттарына пайдаланып, премьер-министр Сали Бериша жеңіске жеткен 2009 жылғы парламент сайлауын бұрмалады деп айыптап шыққан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG