Accessibility links

Қару саудагері деп күдіктелген Буттың соты қыркүйек айына белгіленді


Қару саудасын жүргізді деген айыппен қамауға алынған ресейлік Виктор Буттың ісі АҚШ федералдық сотында қыркүйек айының 12-де қарала бастайды. Бұл туралы жұма күні Нью-Йорк қаласының соты хабарлады.

Буттың адвокаты өздерінің Таиландтан оның экстрадициялануы заңсыз деп танитындықтан, бұл істі болдырмауғы тырысатындарын айтып отыр. АҚШ үкіметінің оны сұратуына еш негіз болмады, себебі ол жасады деген қылмыстар АҚШ-та болмаған дейды адвокат.

43 жастағы Виктор Бут Таиландта ұсталып, өткен жылы қараша айында АҚШ-қа экстрадицияланған болатын.

АҚШ-тағы есірткі саудасын жүргізетін террорлық топпен қатысты Колумбияның қарулы күштеріне қару сатты деген өзіне қарсы айыпты совет әуе күштерінің офицері болған Бут мойындамайды. Егер оның кінәсі дәлелденетін болса, 25 жыл түрме жазасын алуы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG