Accessibility links

БҰҰ ауған парламентінің ашылуы кейінге қалғанына алаңдаулы


БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясы президент Хамид Карзайдың ел парламентінің алғашқы отырысын бір айға кейінге қалдырғанына қатты таң болып, алаңдаушылық танытып отырғанын айтты.

БҰҰ-ның мәлімдемесінде, ұйыммен бірге АҚШ және Еуропа Одағы да Ауғанстанның парламенті мүмкіндігінше тезірек ашылғанын қалайды делінген.

Карзай кеңсесі қыркүйек айында өткен парламент сайлауының даулы нәтижесін қарап жатқан арнайы соттың сұрауымен парламенттің ашылуын бір айға кейінге шегерген еді.
XS
SM
MD
LG