Accessibility links

Иран әлем елдері келіссөзді өз мүдделері үшін өткізуде деді


Стамбулда екінші күнге жалғасқан алтыжақты кездесуде Иранның ядролық мәмілегерлері әлемнің ықпалды елдерін өз мүдделері үшін келіссөз өткізіп жатыр деп айыптады.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты өтіп жатқан жиын барысында ирандық делегация өкілі Аболфазл Зохреванд журналистерге сұқбат беріп, "өкінішке қарай екінші тараптың келіссөздер күнтәртібі үшін ешқандай жоспары жоқ, әйтеуір келіссөздер ғана өткізгісі келеді" деді.

Осыған дейін батыстық дипломаттар келіссөздерде Иранның байытылған уранын елдің медициналық реакторға қажетті отын алу үшін келесі бір елге айырбасқа беру жөніндегі ұсыныс қаралады деген.

Батыс елдері мен БҰҰ-ның Иранға төртінші санкция енгізгендегі басты талаптарының бірі уран байыту жұмыстарын тоқтату еді. Теһран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін, өз реакторлары үшін уран байытуға құқы бар екенін алға тартып келеді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG