Accessibility links

Албания премьері оппозицияны төңкеріс жасамақ болды деп айыптады


Сенбі күні Албания премьер-министрі Сали Бериша елде үш адамның өліміне әкелген үкіметке қарсы шеруден кейін, оппозицияны төңкеріс жасауға тырысты деп айыптады.

Үкімет басы Бериша ақпарат көздеріне берген сұқбатында Тирана қаласының әкімі Еди Рама бастаған оппозициялық социалистер Тунистің сценариімен Албанияда қақтығысты төңкеріс жасамақ болды деді.

Қала әкімі Рама ол айыптауларды жоққа шығарды.

Жұма күні оппозициялық Социалистер партиясының мыңдаған жақтастары Тирана қаласында шеруге шығып, үкіметті тарауға шақырғанда полиция күштерімен қақтығыс болған.
XS
SM
MD
LG